Шымкент қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы қаулы
ҚАУЛЫ
Шымкент қаласы | ПОСТАНОВЛЕНИЕ
город Шымкент |
20 наурыз 2020ж. №4
Қазақстан Республикасында
төтенше жағдай кезінде
Шымкент қаласы
тұрғындарының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі
шаралар туралы
Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 15 наурызындағы «ҚР төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының халқы арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – КВИ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Шымкент қаласының білім басқармасы, Шымкент қаласының отбасы, балалар мен жастар істері жөніндегі басқармасы басшыларына:
1.1. Тәулік бойы стационарлық, оның ішінде оңалту, көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында толық карантинді (келушілерді науқаустарға, әлеуметтік қорғаудағы адамдарға кіруге тыйым салу) және санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтілсін;
1.2. Аталған мекемелерге жаңадан келетін тұлғалар мен әлеуметтік көмек алушыларды қабылдауға тыйым салынсын.
2. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысына:
2.1. Коронавирус инфекциясы анықталған кезде індетке қарсы іс шаралар бекітілген жұмыс атқару алгоритмге сәйкес жүргізілсін;
2.2. Денсаулық сақтау ұйымдарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсеткен кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салынсын.
3. Шымкент қаласының полиция департаментінінің басшысына:
3.1. Режимдік мекемелердегі ғимараттар тәулік бойы күзетумен қамтамасыз етілсін.
4. ШЖҚ РМК «Ұлттық экспертиза орталығы» Түркістан облысы филиалының «Дезинфекция орталығы» директоры А.Туребаеваға:
4.1. Сұраныс түскеннен соң залалсыздандыру жұмыстары ұйымдастырылсын (науқасты тасымалдағаннан кейін, науқас болған жерлерді).
5. Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқарма басшыларына:
5.1. Аталған органдар мен ұйымдардың бірінші басшыларына осы Қаулы таныстырылып, табыс етілсін;
5.2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 3 ақпанда бекіткен «Жаңа коронавирустық инфекцияға күдікті науқастар анықталған кезде жүргізілетін санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар алгоритміне» сәйкес санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шаралар жүргізілсін;
5.3. Аталған нысандарда санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шаралар жүргізілуі қадағалансын;
5.4. Аумақтық және жергілікті мемлекеттік органдарымен бірлесіп осы Қаулының орындалуын қамтамасыз етілсін, қажет болған жағдайда әкімшілік шаралар қолданылсын;
5.3. Осы қаулыны барлық мүдделі ведомстваларға жеткізілсін, халықты БАҚ, әлеуметтік желі арқылы ақпараттандырылсын.
6. Қаулыны меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар орындау міндетті.
7. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері А.Тулебаев
Бөлісу тақырыбы: Шымкент қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы қаулы