Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Түркістан облысында қайтыс болған 64 жастағы Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Түркістан облысында 7 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат 

5fc0a9d62a45b36007bf95b0c43f4ffd.jpg

Сайт таратқан мәліметтерге қарағанда, Жетісай ауданында - 11, Кентау қаласында - 2, Арыс қаласы - 1, Ордабасы, Сарыағаш - 1, Мақтаарал - 4, Сайрам ауданында – 2 адамнан вирус анықталды.  

Осылайша өңірде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 23 адамды құрап отыр. Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.  Осыған дейін 1 адамның өлімі тіркелгендігі хабарланды. Ол - Жетісай ауданының 1956 жылғы тұрғыны болып шықты.