Қазақстанда 59 бала коронавирусқа шалдыққаны анықталды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда 59 бала коронавирус жұқтырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"59 бала коронавирусқа шалдыққан. Кешегі күні тағы 140 жаңа науқас анықталды", -деді министр
Жалпы елімізде науқастардың саны 1091 болды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 260 адам, Алматы қаласында – 271 адам, Қарағанды облысында - 77 адам, Ақмола облысында - 73 адам, Атырау облысында - 62 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 22 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 26 адам, Павлодар облысында - 10 адам, Маңғыстау облысында - 10 адам, Қызылорда облысында - 119 адам, Батыс Қазақстан облысында - 11 адам, Түркістан облысында - 44 адам, Қостанай облысында - 3 адам індет жұқтырған.
Министр 138 адамның аурудан толық емделіп шыққанын алға тартты. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласы – 63, Алматы қаласы – 50, Шымкент қаласы – 2, Ақтөбе облысы – 1, Алматы облысы – 4, Атырау облысы – 5, Ақмола облысында – 4, Батыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 3, Қарағанды облысы – 1, Қызылорда облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 1 адам аурудан емділіп шыққан.