Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2 млн 250 мыңнан асты
Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 2 млн 250 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат
18 сәуір сағат 9:00-дегі жағдай бойынша, әлем елдерінде коронавирусты жұқтырғандар саны 2 250 709 адамды құрады.
Қайтыс болды 154 256 адам, жазылып шықты - 572 105. Вирус ең көп АҚШ-та анықталды. Онда індетке 710 021 адам шалдықты, бір тәулікте тіркелген жаңа жағдайлар – 32 451.
Екінші орында Испания (науқастардың жалпы саны – 190 839, бір тәуліктегі жаңа жағдайлар – 5891), үшінші орында Италия (172 434/ 3491) тұр. Коронавирус ең көп анықталған 10 елдің тізімінде сондай-ақ келесі елдер бар: Франция: 147969 / +1909 Германия: 141397 / +3699 Ұлыбритания: 108692 / +5599 Қытай: 82719 / +352 Иран: 79494 / +1499 Түркия: 78546 / +4353 Бельгия: 36138 / +1329
ТМД елдері бойынша науқастар ең көп Ресейде тіркелді. Мұнда індетке шалдыққандардың жалпы саны - 32 008. Бір тәуілікте анықталған жаңа жағдайлар – 4070. Кейінгі орындарда келесі мемлекеттер тұр: Беларусь: 4779 / +575 Украина: 4662 / +501 Молдавия: 2264 / +110 Қазақстан: 1546 / +144 Өзбекстан: 1405 / +56 Әзербайжан: 1340 / +57 Армения: 1201 / +42 Қырғызстан: 489 / +23 Грузия: 370 / +22