Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 7 адам тiркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 1661-ге жетті деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты. 

42481e5123e85068b2543a2441154189.jpg"19 сәуір 12:10-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 7 адам тіркелді, оның ішінде Алматы қаласында – 1 адам, Шымкент қаласында - 4 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 2 адамнан қауіпті дерт анықталды", - делінген хабарламада.  

Осы сағатта: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 371 адам,  Алматы қаласында – 513 адам, Қарағанды облысында - 90 адам, Ақмола облысында - 82 адам, Атырау облысында - 79 адам, Жамбыл облысында - 60 адам, Шымкент қаласында - 62 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 41 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 29 адам,  Павлодар облысында - 22 адам, Маңғыстау облысында - 12 адам,  Қызылорда облысында - 147 адам, Батыс Қазақстан облысында - 46 адам, Түркістан облысында - 57 адам,  Қостанай облысында - 15 адам, жалпы 1661 науқас тіркелді. 

 Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.