Коронавирустың асқынған түрінің негізгі белгісі айтылды

Ресейдің бас пульмонолог дәрігері Сергей Авдеев коронавирустың асқынған түрінің ең ауыр белгісін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

news_full1587631704a1e4baa5a776450e83636bf05fa7c59a.jpg

Бұл туралы «Россия 1» арнасында айтылыпты. 

Дәрігердің сөзінше, COVID-19 инфекциясының асқынған түріне шалдыққан адамдарда ең алғаш жөтел мен дене қызуы емес, демікпе пайда болады екен. 

"Тыныс алудың қиындауы науқастың індеттің ауыр түріне шалдыққанын белгісі", - дейді ол. 

Авдеев мұндай жағдайда бірден жедел жәрдем шақырту керектігін айтады. 

Сырқатты асқындырып алмау үшін маман науқастарға аурудың белгілеріне аса мән берген жөн деп кеңес айтады. Сондай-ақ ол коронавирус жұқтырғандардың көбі ауруды жеңіл түрде өткеретінін жеткізді. 

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3027 болды.