Маңғыстау облысында Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді
Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Жамал Жаманбаева тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жамал Әбдібекқызы 1965 жылы 15 тамызда Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы Таушық ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
1988 жылы Алматы Мемлекеттік медициналық институтын бітірген.
1988-1989 ж.ж . – Жаңаөзен қалалық перзентхана интернатурасында;
1989-2002 ж.ж. – Бейнеу аудандық перзентханасында босану бөлімінің меңгерушісі;
1996-1997 ж.ж. – Бейнеу аудандық ауруханасында бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары;
2002-2004 ж.ж. – Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинекологы;
2004-2009 ж.ж.- Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы;
2009-2011 ж.ж.-Ақтау қалалық перзентханасының директоры;
2011 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін – Облыстық перинаталдық орталықтың директоры қызметін атқарды.