Коронавирус пандемиясының екінші, үшінші толқыны болуы мүмкін - ғалымдар
Роберт Кох атындағы институт коронавирус пандемиясының екінші толқыны болуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ұйым басшысы Лотар Вилердің сөзінше, вирус тұрғындардың 60-70 пайызы ауырып шықпайынша тоқтамауы мүмкін.
"Бізге екінші толқыны болатыны белгілі", - дейді ол.
Сондай-ақ ол кейбір ғалымдар әлі үшінші толқыны болуы мүмкін екенін айтқанын хабарлады. Вилердің сөзінше, арақашықтықты сақтау күнделікті өмірде қалыпты әрекетке айналу керек.
Еске салайық, 6 мамыр таңертеңгі жағдай бойынша, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны 3,7 миллионнан асып, 258 338 адам қайтыс болды. Сондай-ақ 1,2 миллионнан аса адам айығып шықты.
®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Коронавирус пандемиясының екінші, үшінші толқыны болуы мүмкін - ғалымдар
Бөлісу тақырыбы: Коронавирус пандемиясының екінші, үшінші толқыны болуы мүмкін - ғалымдар