Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

Павлодар облысында коронавирус ауруынан бір адам қайтыс болды. Ол 57 жастағы науқас. Қазақстанда коронавирустан көз жұмған науқастар саны 30 адамға жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

news_full15887614856e14656ca6140dae7cf3f0416c028aa5.jpg

Павлодар облысы үшін бұл коронавирустық инфекциядан болған екінші өлім. Бұған дейін 9 сәуірде аймақта 1936 жылы туған Павлодар тұрғыны қауіпті аурудан қайтыс болды. 

Ер адам ауруханаға қайтыс болуынан бір күн бұрын жедел түрде пневмониямен түсті. Науқас Ковид-19 тестілеуден өтіп, сынама оң нәтиже берді.Өкінішке қарай, дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады.

Қазір Қазақстанда инфекцияның 4690 жағдайы тіркелген. Олардың көпшілігі Алматыда, онда 1501 жағдай анықталған. 1518 адам емделді.

Павлодар облысында CVI диагнозы қойылған 152 науқас бар, олардың 20-сы ауруханалардан шығарылды. Елде 31 өлім тіркелген. 9 науқас Алматыда қайтыс болды.