Қазақстанда бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандардан гөрі аурудан жазылғандар көп болды

11 мамырда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарға қарағанда аурудан жазылғандар саны көп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_67050.jpeg

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, бір тәулікте елде 133 адамнан аурудан жазылған, ал 117 адам COVID-19 жұқтырған. 

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 5207-ге жетті, оның 2074-і аурудан айыққан. 32 адам коронавирустан көз жұмған.