Қазақстанда коронавирустан тағы 2 адам қайтыс болды
Коронавирус індетінен тағы екі науқас көз жұмды. Олардың бірі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, 1951 жылы туған ер адам, ал екіншісі Қостанай облысының тұрғыны, 1965 жылы дүниеге келген әйел адам.
Барлығы 37 адам қайтыс болды: Нұр-Сұлтан қаласы – 6 Алматы қаласы – 10 Шымкент қаласы – 6 Ақмола облысы – 4 Шығыс Қазақстан облысы – 1 Жамбыл облысы – 1 Қарағанды облысы – 3 Қостанай облысы – 2 Маңғыстау облысы – 1 Павлодар облысы – 2 Түркістан облысы – 1