Қызылорда облысында 4 жастағы сәби коронавирус жұқтырды

 Қызылорда облысында 4 жастағы сәби коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі. 

200601113849114e.jpg

Соңғы тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 31 адам тіркелді. Олардың 11-і ‒ Қызылорда қаласында тұрса, 17-і ‒ Арал, 3-і ‒Жаңақорған аудандарының тұрғындары.

 «Олардың арасында ең үлкені -1939 жылғы әйел болса, ең кішісі - 2016 жылы туған қыз бала. ПТР анализі 28 адамнан ауру жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болуына байланысты алынған. Ал 2 адамнан ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес скринингтеу кезінде табылса, 1 адамнан Атырау қаласынан келуіне байланысты тексеруден өткізілді. Зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі. 

Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 402 адам тіркелген. Олардың арасынан 245 адам сырқатынан жазылып шықты.