Қазақстанда коронавирустан үш науқас көз жұмды

Қазақстанда коронавирус індетінен үш науқас көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат 

1-rts310ln.jpg__1584004701__41708__vid667271e.jpg

«Коронавирус індетінен үш науқас көз жұмды. Шымкент қаласы - 1956 жылы туған ер адам, Павлодар облысы - 1935 жылы дүниеге келген әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласы - 1959 жылы туған ер адам. Өлім нәтижесін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеу жөнінде шешім қабылдады», делінген хабарламада. Қазақстанда барлығы 44 адам коронавирустан қайтыс болды.