Алматыда коронавирустан 2 адам қайтыс болды
Алматы қаласында коронавирус инфекциясынан 2 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
«Алматы қаласында коронавирус індетінен 2 науқас көз жұмды. Олар - 1960, 1957 жылдары туған ер азаматтар. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды «коронавирус инфекциясынан қайтыс болған» деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген ақпаратта.
Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус барлығы 17225 адамнан анықталды, Оның ішінде жазылғандар саны - 10897, қайтыс болды - 120 науқас. Көз жұмған науқастар бойынша өңірлер статистикасы: Нұр-Сұлтан қаласы – 32 Алматы қаласы – 20 Шымкент қаласы – 13 Ақмола облысы – 8 Ақтөбе облысы – 1 Атырау облысы – 3 Шығыс Қазақстан облысы – 1 Жамбыл облысы – 1 Батыс Қазақстан облысы – 6 Қарағанды облысы – 10 Қостанай облысы – 2 Маңғыстау облысы – 2 Павлодар облысы – 13 Түркістан облысы – 8