Түркия Қазақстанға медициналық құралдар жібереді

Түркия Қазақстанға тағы да көмек көрсетпек. Бұл жолы бауырлас түрік халқы Қазақстанға медициналық құралдар жібермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

200713115309759e.jpg

«Қадірлі отандастарымыз және бауырлас Қазақстан халқы! Коронавирус індетіне байланысты бастан кешіп жатқан осы қиын-қыстау кезеңде Түркия дос әрі бауырлас Қазақстанның жанында екенін жеткізгіміз келеді. Түркия Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында қол қойылған Өзара түсіністік меморандумы аясында, төменде тізімі көрсетілген медициналық құралдар Қазақстан Республикасына қайтарымсыз негізде тарту етіледі»,-делінген хабарламада. 

Медициналық құралдардың ішінде: 

· 30 дана жасанды тыныс алу аппараты 

· 50 000 дана «N95» бетпердесі 

· 100 000 дана медициналық бетперде 

· 35 000 дана қорғаныш костюмі 

· 2 000 дана бет қорғаушы маскалар 

· 2 дана ПТР талдауына арналған жабдық 

· 30 000 дана SARS-CoV-2 (2019-nCov) RT-qPCR лабораториялық талдау сынауығы 

· 30 000 дана вирустық нуклеин қышқылын оқшаулау сынауығы 

· 10 000 қорап гидроксиохлорокин дәрісі. 

«Еліміздің бауырлас Қазақстан халқымен ынтымақтастық рухы аясында, бұған дейін де Түркиядан Қазақстанға әртүрлі медициналық құралдардан тұратын көмек пакеті жеткізілген болатын. Құрметімізді білдіреміз»,-дейді түркиялықтар.