Коронавирус пандемиясы кезіндегі басты қателік аталды
Ресейдің денсаулық сақтау министрлігінің бас кардиологы Сергей Бойцов адамдардың коронавирустың таралуына жол ашатын басты қателігін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бойцовтың айтуынша, инфекцияның таралуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі - шектеулерді ішінара алып тастау кезінде маска тағудан бас тарту.
"Есте сақтаңыз: егер жұқпалы процестің екі қатысушысы да жұқтырған болса, бірақ ол туралы әлі білмесе және жұқпаған адам бетперде тағатын болса, біз осылай инфекцияның таралуын тоқтатамыз", - деді ол.
Бойцов сонымен бірге міндетті түрде қоғамдық орындарда және көлікте қорғаныс құралдарын киюге шақырды. Сондай-ақ, маман пандемия кезінде өзін-өзі емдеу қауіпті екенін атап өтті.
Алдыңғы: Жақсылық Үшкемпіров қайтыс болды