Тәртіпке құлақ аспағандарға 42 миллион теңгеден астам айыппұл салынған

Screenshot_11.jpg

Түркістан облысында  коронавирусты инфекцияның алдын алу мақсатында 5 шілдемен  3 тамыз аралығында  мобильді топтармен  Түркістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық және қалалық басқарма  мамандарымен бірлесіп карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын обьектілерге мониторингілеу жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Садықбекұлының хабарлауынша мобильді топтармен  жүргізілген рейд жұмыстарының нәтижесі бойынша 7061 нысан араланып, карантин талаптарын бұзған 1386 нысан анықталған. ҚР ӘҚБ Кодексінің 425 бабының 1 тармағымен жеке тұлғаларға-732 30 АЕК көлемінде, 33 жеке кәсіпкерге хаттама, 3 заңды тұлғаға , 1 лауазымды тұлғаға  хаттамалар  толтырылып  230 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Жалпы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 769 хаттама толтырылып, 42 322 830 теңге көлемінде айыппұл салынып, оның  26 784 75 теңгесі өндірілді. Егер 7 күн ішінде айыппұлды өтейтін болса 50% төленеді. 

Рейд барысында сондай-ақ тыйым салынған отбасылық, мерекелік іс-шаралар анықталып, тоқтатылды. Атап айтар болсақ: Арыс қаласы  жергілікті  тұрғындары  35-40 қонақ шақырып 8 беташар, 1 қыз ұзату тойларын өткізіп жатқандығы, Қазығұрт ауданы Тұрбат елді мекеннің жергілікті тұрғыны 32 қонақты шақырып «қыз ұзату» тойының өткізіп жатқандығы, Келес ауданынына қарасты Біртілек және Абай ауылының  тұрғындары 40-тан астам  адамның басын қосып, 2  беташар жиынын өткізіп жатқандығы анықталды. Сарыағаш ауданының жергілікті 2 тұрғыныда 30-35 адамның басын қосып беташар жиынын өткізіп жатқандығы, Сайрам ауданында 50-ден аса азаматтарды жинап 1-қыз ұзату, 2-беташар,1-ұжымдық отбасылық мерекесін өткізу фактісі анықталған. Төлеби ауданында  Зағамбар елді мекеніндегі 50-ден аса азаматтарды жинап «қыз ұзату» іс шарасын өткізу фактісі анықталған. 

Screenshot_2.jpg

Сонымен қатар Төлеби ауданында 4 демалыс  орындары жұмыс жасап жатқандығы зерделеу барысында анықталып, хаттама толтырылып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салынып. жұмысы тоқтатылды. 

Облыс аумағында карантин режимі кезінде  жиі кездесетін кемшіліктер: 

• Тұрғындардың  арасында маска кию режимі сақталмауы;

 • Нысандарда қызметкерлер маска кию режимін және бір рет пайдаланатын қолғапсыз қызмет көрсетілуі; 

• Нысандарда антисептигі бар санитайзерлер орнатылмаған және күнделікті дезинфекциялық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмеуі; 

• Түркістан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес жабылған нысандар жұмыстарын жалғастыруда және уақыты шектелген нысандар уақытқа қарамастан жұмыстарын істеп тұрғандығы анықталды.

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары.

Карантин талаптарын сақтап, өз өзіңізді инфекциядан қорғаңыз. Жақыныңызға жанашыр болыңыз.