Лукашенко Минскідегі резиденциясына автомат асынып келді

23 тамызда, жексенбіде Беларусь президенді Александр Лукашенко елдегі жаппай наразылық фонында Минскідегі Тәуелсіздік Сарайындағы резиденциясына тікұшақпен келді. Видеоны Пул Первого Telegram-каналы жариялады

photo_71078.jpeg

"Лукашенко бір сағат бұрын оқиға орнына келді. Тәуелсіздік Сарайына! Президент брондалған жилет киген. Қолында - автомат",  делінген видео сипаттамасында.

Хартыя’97 басылымының мәліметінше, резиденцияға президентпенпен бірге кенже ұлы Николай да келген, ол да қаруланған.

Сондай-ақ, желіде елорданы айналып шыққан белорус лидерінің тікұшағы көрсетілген видео тарады. "Жақында, даңғылға жақында! Солға, солға!", - деп бұйрық береді Лукашенко.

"Жеңімпаздар даңғылына биіктен қарап, онда наразылық акциясы болған жер туралы Лукашенко былай дейді: "как крысы разбежались".

23 тамызда Минскіде және басқа да қалаларда жалпыұлтық наразылық акциялары жалғасты. Көшелерге жүздеген мың адам шығып, Александр Лукашенконың кетуін талап етті. 

Әскерилер Тәуелсіздік Сарайына кірер жолды қоршады.