Балалар ойыншықтарының қауіпсіздігі туралы

Балаға ойыншық таңдау ата-аналардан барынша ұқыптылықты, жауапкершілікті талап ететін жайт. Сондықтан ойыншықтың қауіпсіздігіне аса мән бергендеріңіз жөн.

article_45220.jpg

Балалар ойыншықтарын сатып аларда оның иісіне, түріне, боялуына мән беру керек. Өткір, жағымсыз, бөтен иіс, майысу, үшкір қырлары, қылаулары болмауы керек. Балаға қауіп тудыратын ойыншықтардың бірі құрамында бояғыш заттары мөлшерден тыс қосылып жасалған ойыншықтар. Олардың құрамына формальдегид, фенол, феноксил, метил, изгобитурат және т.б. химиялық заттар бар. Барлық ойын баласы ойыншықтардың дәмін татуға тырысады, нәтижесінде ауыз қуысы арқылы немесе тыныс алу жолдары арқылы баланың ішкі ағзасына өтуі мүмкін. Оның қауіптілігі балалардың ішкі ағзаларын, иммундық жүйелерін зақымдайды, сондай-ақ әр түрлі аллергиялық реакция тудыруы мүмкін.

Сонымен қатар, балалар ойыншықтарының таңбалануында келесі мәліметтер болуы қажет: атауы, өндіруші елі, жасалған жері, өндірушінің мекен-жайы, импортері, олармен байланысу сымтетігі, өндірушінің тауар белгісі, баланың жас мөлшеріне сәйкес ойыншығы және пиктограммасы, негізгі құрастырғыш материалы (3 жасқа дейінгі балалар үшін) (қажеттілігіне сай), ойыншық күтімі (қажеттілігіне сай), шығарылу күні (айы, жылы), сақтау мерзімі, сақталу жолы (қажеттілігіне сай).

Айта кететін жайт, саудадағы барлық балалар ойыншықтары сатылымға шығар алдында «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 008/2011 Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарымен сәйкестендірілуі керек.

Тұтынушыларға кеңес, ойыншық сатып аларда арнайы дүкендерден сапалы әрі сәйкестігін растайтын құжаты бар, арнайы тексерістен өткен ойыншықтарды сатып алғандарыңыз жөн. Егерде сыртында таңбалануы толық жазылмаған жағдайда, сатушыдан ақпарат алуға болады және сатушы сізге тауар туралы толық, әрі нақты ақпаратты беруге міндетті. Бұндай ақпарат балаңыздың денсаулық жағдайына тікелей байланысты болады. Осы ақпаратпен таныса отырып, сапалы әрі қауіпсіз тауар алып жатқандығыңызға сенімді боласыз.

Сіздің балаларыңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда!

Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті