Елімізде 20 ірі замануи медициналық орталық салынады
Ел өңірлерінде 20 ірі замануи медициналық орталық салынады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2025 жылға қарай өңірлерде 20 ірі замануи медициналық орталық мемлекеттік-жекешелік серіктестік есебінен салынады. Осы к өпбейінді ауруханалар халықаралық сапа талаптарына сәйкес халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің толық спектрін қамтиды», - деді М. Шоранов Жолдауды жүзеге асыру тақырыбына арналған брифингіде. Осы орайда ол 1,5 трлн теңге шамасында инвестиция тартылатынын жеткізді. «Халық денсаулығы кодексіне сәйкес Ұлттық операторды құру туралы Үкімет қаулысының жобасын қарауға енгіземіз», - деді бірінші вице-министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда модульді 12 инфекциялық аурухана салынып жатыр.