Елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді
Өткен тәулікте елімізде 45 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Бұл кешегі көрсеткішке қарағанда әлдеқайда төмен.
- "Қазақстанда өткен тәулікте 45 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды", - делінген ресми хабарламада.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 6 Алматы қаласы - 3 Ақмола облысы - 2 Атырау облысы - 2 Шығыс Қазақстан облысы - 18 Батыс Қазақстан облысы - 2 Қарағанды облысы - 4 Қостанай облысы - 2 Павлодар облысы - 1 Солтүстік Қазақстан облысы - 4 Түркістан облысы - 1 Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 107307-ге жетті. Еске сала кетсек, Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты. Fox News басылымына берген сұхбатында миллиардер пандемияның 2022 жылдың соңына қарай аяқталуы мүмкін екенін айтты.
- "Егер біз проблемаға әлемдік масштабта келетін болсақ, онда 2021 жылда вирус жұқтыруын көрсеткішін төмендете алуымыз керек", - деді ол.
Ол үшін әлем болып коронавируспен күресті жалғастыру керек.