Қостанайлық дәрігерлерге 26 санитарлық көлік тапсырылды

Screenshot_4.jpg

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыс емханаларына 26 санитарлық автокөліктің кілтін табыстады. Бұл туралы аймақ басшысы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс басшысы тапсырған әр көлік шұғыл медициналық көмек көрсету үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған. Көлік ішінде дефибрилятор аппараты, пациенттің тыныс-тіршілігін бақылауға арналған монитор, оттегі қоры жоғары ӨЖЖ аппараты, ЭКГ аппараты, аспиратор бар. «Өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, автокөліктерді бөлуді жүргізуді тапсырдым. Сонымен қатар жаңа жұқпалы аурулар ауруханасына бардым. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы В.Дудниктің баяндамасын тыңдадым. Індеттің жаңа толқынына дайындық шеңберінде 200 кереуеттік жаңа инфекциялық орталықтың, оның ішінде 20 реанимациялық және қарқынды терапияның құрылысы аяқталуда. Аурухана ғимараты 8 бөліктен тұрады. 79 ӨЖЖ аппараты сатып алынды және жеткізілді, тағы 85 отандық өндіріс аппаратын жеткізу жоспарланып отыр. Орталық жоғары технологиялық медициналық және зертханалық құрылғылармен жабдықталған. Жұқпалы аурулар ауруханасы қабылдауды 10 қазанда бастайды. Қазіргі уақытта қажетті медициналық жабдықтар орнатылуда. Жоспарланған барлық жұмыстарды жедел режимде аяқтауды тапсырдым», деп жазды өңір әкімі. Бұдан бөлек облыс дәрігерлері үшін 110 санитарлық автокөлік қосымша сатып алынған, ал жедел жәрдем қызметіне арнап отандық 50 реанимобиль жеткізілмек