Бішкекте митингіге шыққандар Ақ үйге басып кірді

Митингіге шыққандар мен қарулы күштердің текетіресі сағат 20.00-ден бастап "Ақ үйге" басып кірумен аяқталды.

5c9a7106418f2d00a8a6ed325ed40c73.jpeg

Республиканың заңнамалық органына өтпей қалған партия жақтастары қақпаны жүк көлігімен бұзып, ішке кірді. Куәгерлердің айтуынша, осыған бірнеше минут қалғанға дейін парламент ғимаратынан көліктердің колоннасы шыққан. 

Сондай-ақ митингіге шыққандармен бірге ғимаратқа республиканың экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадыр Атамбаев кірген.

Территорияда Мемлекеттік күзет қызметінің мамандары жоқ. Ресми расталмаған ақпаратқа сүйенсек, ел президенті Сооронбай Жээнбеков оңтүстікке ұшып кеткен. Мемлекет басшысы аппаратының бастығы Досалы Эсеналиев, баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиеваға хабарласу мүмкін емес.

Еске салайық, Бішкектің орталығындағы "Ала-Тоо" алаңында парламенттік сайлау нәтижесіне қарсы болғандар митингке шықты. 5 қазандағы жағдай бойынша, бірінші орында "Биримдик" партиясы тұр (дауыстар әлі де өңделіп жатыр).