Шымкентте алғаш рет стент-графттарды орнату отасы жасалды

Screenshot_4.jpg

Қолқа күретамыры (аорта) – бұл біздің денеміздегі ең үлкен тамыр, жүректі дененің барлық мүшелерімен және ішкі ағзалармен байланыстырады.

Әр түрлі факторлардың әсерінен қолқа қабырғасы жұқарып, көлемінің кеңеюіне әкеледі, ал егер мұндай кеңею өзгермеген қолқа диаметрінің жартысынан асып кетсе, онда бұл патология аорта аневризмасы деп аталады. Кейбір жағдайда қолқа тамыры кеңейіп жарылуы да мүмкін, бұл көп жағдайда өлімге әкеп соғады.

Қолқа аневризмасын емдеудің екі негізгі әдісі бар. Дені сау тіндердегі аневризманы жоюдан тұратын дәстүрлі ашық хирургиялық емдеу – бұл асқынудың жоғары деңгейімен байланысты ұзақ мерзімді ота. Бұл емдеу әдісі ұзақ реабилитация кезеңін қажет етеді. Әлемдік тәжірибеде сонымен қатар альтернативті әдісі бар - қолқа аневризмасының эндоваскулярлық артропластикасы, ол аневризма қапшығын арнайы құрылғы – стент-графт арқылы қан ағымынан оқшаулау. Бұл жағдайда қан ағымы стент-графттың ішінде қалады, және стент-графттың сыртқы беті мен өзгерген қолқа қабырғасы арасында орналасқан аневризма қуысы қан ағымынан шығарылады, осылайша жарылу қаупі жойылады. Минималды инвазивті болғандықтан, бұл процедура қолқа аневризмасын емдеудің ең қауіпсіз әдісі болып табылады және науқастың тез қалпына келуіне ықпал етеді.

Шымкент қалалық кардиологиялық орталығының базасында стент-графттарды орнату отасы  алғаш рет жүргізілуде.

Мастер-класс Medtronic және олардың серіктесі - AB-Service компаниясының қатысуымен ұйымдастырылды  және Қазақстан Республикасында осындай ота жасауда ең үлкен тәжірибесі бар мамандар Нұр-Сұлтан қ. «ҰҒКО» АҚ-ң  интервенциялық кардиология бөлімінің меңгерушісі Арипов Марат Асанұлы және "IClinic" медицина орталығының интервенциялық рентген хирургы, медицина магистрі Виктор Викторович Землянский шақырылды.

Мастер-класс аясында қолқа аневризмасына шалдыққан 2 науқасқа стент-графт орнатылды.

Мұндай операциялар кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемінде әрбір қазақстандыққа қол жетімді.

Мастер-класс Шымкент қалалық кардиологиялық орталығының мамандарына өз аймағының тұрғындарына қолқа аневризмасы кезінде жоғары мамандандырылған көмек көрсетуге мүмкіндік береді.