Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ                                                                              ПОСТАНОВЛЕНИЕ

Шымкент қаласы                                                           город Шымкент

09.10.2020ж.                           №40


Шымкент қаласының аумағында карантиндік, шектеу шараларын  ұзарту және Шымкент қаласының 

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы


Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы                      №47 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ№47), «Шектеу карантиндік шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №48), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 тамыздағы №49 қаулысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №49), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік 

санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №50 қаулысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі –ҚР БМСДҚ №50), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 қыркүйегіндегі №53 қаулысына «Қазақстан 

Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №53), «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының тіркелуінің жалғасуына байланысты және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 12 қазан сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 26 қазан сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.

2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі №39 қаулысына келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

1) 3 тармақтың 3.5 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 

«3.5. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (қабырғалары, терезелері/витраждары бар үй-жайлар, ғимараттар, құрылыстар) қызметін тоқтатып, сыйымдылығы 30% аспайтын және                         1 келушіге 4 шаршы метрді сақтаумен азық-түлік базарларымен, жәрмеңкелердің, азық-түлік емес базарлардың (мамандандырылған, киім-кешек, мал және автокөлік базарлары) қызметі сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін шектелсін. Жәрмеңкелердің жұмысын кұшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ұйымдастыру, оның ішінде дезинфекциялық тоннельдерді және санитайзерлерді орнату қамтамасыз етілсін»; 

2) 3 тармақтың 3.28 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3.28. кинотеатрлардың (ашық алаңдағы орласқан кинотеатрларды қоспағанда), цирк, сауда-ойын-сауық кешендері мен орталықтардың, сауда үйлердің ішіндегі, балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың жұмысына тыйым салынсын. Ашық алаңдағы кинотеатрлардың жұмысы бетперде кию режимі, әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда қалыпты режимде рұқсат етілсін».

3. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

4. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарда жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

5. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

  6. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


Шымкент қаласының Бас мемлекеттік  санитариялық дәрігері                                                                     А.Тулебаев