Алексей Цой: Биыл жазда коронавируспен ауырғандар желтоқсанда қайтадан сырқаттануы мүмкін

Screenshot_4.jpg

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой адам ағзасындағы антидененің жойылуына байланысты елімізде коронавирустан бұрын жазылып шыққандар қайта сырқаттануы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды.

«Ғалымдардың әртүрлі пікіріне сүйенсек, коронавирусты жеңіл көтерген азаматтардың ағзасында антидене 1 ай уақытқа, ал орта немесе ауыр көтергендердің ағзасында 3-5 айға дейін сақталады. Біздің елде коронавирус жұқтырудың шарықтау шегі осы жылдың маусым-шілде айларына келгені белгілі. Егер біз талдау жасап көрсек, аталған уақыттан 3-5 айдан кейін, яғни қараша-желтоқсан айларында коронавирусты орта немесе ауыр жағдайда көтергендердің ағзасында антиденелер құрып бара жатыр. Сол себепті олардың қайтадан ауруға шалдығу ықтималдығы, қаупі бар», - деді Алексей Цой ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Денсаулық сақтау министрі әлемде коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелгенімен, Қазақстанда мұндай адамның әлі кездеспегенін мәлім етті.