Назарбаев Nur Otan партиясы cаяси кеңесінің бюросын шақырды

Nur Otan көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев партияның саяси кеңесінің бюросын 2020 жылғы 24 қарашада шақыру туралы қаулыға қол қойды.

Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

"Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы саяси кеңесінің бюросын 2020 жылғы 24 қарашада шақыру туралы қаулыға қол қойды", - деп жазды Twitter-де Бауыржан Байбек.

Бұған дейін Nur Otan-ның Назарбаевпен кездесуі коронавирусқа байланысты тоқтатылды.