БҚО-да бір адам коронавирусты қайта жұқтырды

Screenshot_7.jpg

Батыс Қазақстан облысында бір адамның коронавирусты қайта жұқтыру дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, әйел адам індет басталған уақытта, сәуір айында ауырған. Содан кейін жазда, тамызда қайтадан осы сырқатқа шалдыққан. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 4 жүкті әйелдің коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болған еді.