Түркістандық 11 медицина маманына 2 млн теңгеден төлемақы берілген

Screenshot_4.jpg 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қо­ры» КеАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы корона­ви­рус инфекциясының алдын алуға, диагностикалауға, ем­деуге, эпидемияға қарсы іс-ша­ра­­ларға қа­тыс­қан медицина қыз­мет­кер­ле­ріне үстемеақы төлеуге 12,7 млрд теңге бөлген. Қор филиалы медициналық қыз­мет көрсету сапасын мо­ни­то­рингтеу бөлімінің бас сарап­шысы А.Ибрагимованың мәлі­ме­­тінше, биылдың наурыз-қыр­күйек айлары аралығында 9,3 млрд теңге төленген. Оның ішін­де эпидемияға қарсы іс-шара­ларға тартылған ме­ди­цина қызметкерлерінің үс­тем­ақысы 6,6 млрд теңге болып отыр. Сондай-ақ науқастарды про­визорлық және карантиндік ста­цио­нарларға емдеу­­­ге жатқызуды қаржыландыруға 1,8 млрд теңге жұмсалған. Облыс бойынша 395 мобильді бригада қызмет көрсетеді. Қор бригаданың әрбір шақыруға шыққаны үшін 5 400 теңге ақы төлейді.

Ал Түркістан қалалық ор­та­лық ауруханасының бас дә­рі­гері, медицина ғы­лым­да­ры­ның кандидаты Жанболат Ділдәбеков эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қыз­мет­кер­­лері ішінен коронавирус ин­фек­циясын жұқтырған 11 маманға, оның ішінде 8 дәрігерге мемлекеттік әл­еуметтік сақтандыру қорынан 2 млн теңге бір реттік төлемақы төленгенін айтады. Оның айтуынша, қазіргі таңда аурухана медициналық құрал-жабдық­тар­мен толық қам­тыл­ған. Түркістан қаласындағы «Яссы» шағын ауданында 200 тө­сек­тік орынды модульдік типтегі жұқ­палы аурулар ауруханасының жаңа ғимаратының құрылысы бас­тал­ды. Дәрі-дәрмектер, дезинфек­ция­лық заттар мен жеке қорғаныш киім­дерінің екі айлық қоры қойма­ға жеткізілді. Сондай-ақ қалалық әкім­­діктің қолдауымен оттегі беке­ті іске қосылды. Жалпы, аурухана өзінің кезекпен және кезектен тыс түскен науқастарына жоғары технологиялық қызметтер көрсетіп келеді.