Жаңа босанған әйел коронавирустан жазылып шықты

Screenshot_11.jpg

4 қараша күні  жұқпалы аурулар орталығына коронавирус инфекциясы табылған жүкті әйел жедел жәрдеммен жеткізіледі. Айы-күні жақындаған әйелге дәрігерлер кесір тілігі арқылы ота жасап, дені сау бала туады. Отадан соң науқасты дәрігерлер жансақтау бөліміне шұғыл түрде ауыстырып, емдеу шараларын қарқынды жүргізген.

  Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мамандарының мәліметінше бірер күннен соң реанимациядағы азаматшаның денсаулығы жақсарып, палатаға ауыстырылған. Сегіз күн бойы науқасқа жұқпалы аурулар орталығының мамандары вирусқа қарсы терапиялық ем жүргізген. Нәтижесінде жаңа босанған әйел коронавирус инфекциясынан толық айығып, ауруханадан шықты.

Дертінен сауығып шыққан азаматша ақ халаттыларға алғысын білдіреді.

«Менің жанымды аман алып қалған дәрігерлерге алғыс айтамын. Операция жеңіл әрі сәтті өтті. Ауруханадан шыққан соң, жаңадан туған қызыммен көрісетініме қуаныштымын”, - дейді инфекциядан жазылып шыққан әйел.