Қазақстанда 10 миллион адам Sputnik V вакцинасын алмақ

Screenshot_5.jpg

Қазақстанда 10 миллион адамға ресейлік вакцина егу жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алексей Цой атап өткендей, бүгінгі күні ресейлік Sputnik V вакцинасының 2 миллион дозасын алу туралы келісім бар. Оның айтуынша, вакцина Қарағанды фармацевтикалық зауытының базасында шығарылады. «2 миллион доза кепілдендірілген. Қазіргі уақытта біз қосымша жабдықтау туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жалпы, біз 10 миллионға жуық адамға вакцина егуді жоспарлап отырмыз. бұл халықтың 55%-ы. Біз халықтың осал топтарын анықтадық, олардың көбі адамдармен байланыста, әсіресе науқастармен тікелей байланыста болады. Әзірге бұл категорияға 18-60 жас аралығындағы адамдар кіреді. Қазір зерттеудің соңғы кезеңдері туралы мәліметтер жарияланып жатыр, егер осы жас аралығы кеңейтілсе, біз вакцина алушылардың санын кеңейте аламыз», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Министр ресейлік вакцина ақпан айының үшінші жартысында тіркелетінін айтты. «Алдағы уақытта вакцина Қазақстанның аймақтарына жеткізіледі және вакцина егуді бастай аламыз. Алдын ала болжам бойынша, қазақстандық вакцина бізге наурыз айында келуі керек, сол кезден бастап біз де егуді кезең-кезеңімен жүзеге асыра бастаймыз», - дейді ол.