«Үкімет отставкаға кетуі тиіс» - Тоқаев
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет заң бойынша отставкаға кетуі тиіс екенін айтты.
- Үкіметке келетін болсақ, ол біздің заң бойынша отставкаға кетуі тиіс. Мен жақын арада сайлау аяқталғаннан кейін Парламентке премьер-министрдің де, Үкімет мүшелерінің де кандидатуралары бойынша депутаттардың жаңа құрамының алдында фракция жетекшілерімен кеңесу үшін барамын, - деді Тоқаев Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайында дауыс бергеннен кейін жураналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.