6 миллион адамға вакцина салады
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салу жұмыстары 1 ақпанда басталады. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.
– 19 қаңтарда Спутник V вакцинасының 20 мың дозасын әкелу жөнінде Қарағанды фармкешені мен Ресей федерациясы тікелей инвестиция қоры келісімге келеді. 20 қаңтарда бұл вакциналарды «СҚ-Фармация» компаниясына арнайы тәртіп бойынша бір рет әкелуге рұсқат беру көзделген. Осыдан кейін халықтың бұған дейін белгіленген топтарына 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу жоспарлануда. Кезең-кезеңмен салынған вакцина нәтижесінде жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салу көзделіп отыр, – деді Алексей Цой.
Кейінгі: 6 өңір «қызыл» аймақта тұр
Алдыңғы: Қуат Хамитов мәлімдеме жасады