Түркістан облысы тұрғындар денсаулығын жақсартуда елімізде көш бастап тұр
Елімізде ана өлімнің ең аз көрсеткішімен Түркістан облысы көш бастады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді.
Суретте Арман Сабитов
– Облыста ана мен бала өлімін төмендету үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, әлеуметтік ахуалды түзету бағыттында біршама істер атқарылды. Бүгінде Түркістан облысы ана өлімі бойынша республикада 16,3 көрсеткішімен ең соңғы орында. Бұл еліміздегі ана өлімінің ең аз көрсеткіші. Ал бірінші орында Қостанай облысы 82,3 көрсетіп тұр. Өңірде сәби өлімі де республикада 7,1 көрсеткіш. Бұл тынымсыз дәрігерлердің жемісі. Сондай-ақ, облыс бойынша негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің жақсарғанын атап өткен жөн. Осылайша, соңғы жылдары өңірде өмір сүру ұзақтығы артып, жалпы өлім-жітім, туберкулез 26,5 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, қатерлі ісік аурулары, қан айналымы жүйесі аурулары және басқалар азайды, – деді Марат Отырбасарұлы.
Өңірдің денсаулық саласындағы жетістіктерімен қатар өзекті мәселелері, перспективалары талқыланған алқа жиынына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Арман Сабитов басқарма басшысы Марат Пашимовтың жетекшілігімен жасалған жұмыстарды жоғары бағалады.
Суреттер ашық дереккөзден алынды
Бөлісу тақырыбы: Түркістан облысы тұрғындар денсаулығын жақсартуда елімізде көш бастап тұр