248 азамат тексеруден өтті


«Дүниежүзілік қатерлі ісікке күрес» күніне орай Шымкент қалалық онкологиялық орталықта Ашық есік күні өткізілді.  Бұл күні жалпы тексерілуден 248 пациент өтті. Қатерлі ісікке күмәнді 1 пациенттен анықталды. Сонымен қатар, қатерсіз ісікке шалдыққан – 105 , басқа да аурулар бойынша 143 азамат тексеруден өтті. Бұған қоса ультрадыбыстық зерттеуден 47 пациент, онкоцитологиядан – 62, рентгенографиядан 2, ЭФГДС-дан 6 пациент тексеруден өтті. Келуші пациенттер орталық дәрігерлерінен толыққанды мәлімет алды.

Әрбір азамат кемінде бір рет онкологқа қаралып, дәрігер кеңесіне жүгінгені абзал. Әйелдер гинеколог, проктолог, маммолог мамандарға тексерілуі тиіс. Ерлер өкпесін рентгенге түсіріп, асқазанын, тоқішегін, қуықасты безін дәрігерге көрсетіп қойғаны жөн. Бұл диагностикалар онкологиялық ауруларды анықтауға бағытталған қадам болып табылады. Өкінішке қарай, бірнеше жыл емханаға бармаған пациенттер бізге аурулары асқынып, үшінші тіпті төртінші кезеңіне өтіп кеткенде келеді. Жасына қарай скринингтік тексерулерден өтетін адамдар болады. Бірақ, бұл басқалар мамандарға қаралмауы керек деген сөз емес. Адамдар дәрігерлерді елемейді, сондықтан аурулар жиі кеш анықталады. Скринингтік тексеруден көптеген науқастарды кездестіреміз. Бұл өте маңызды, себебі метастаз пайда болған кезде пациент ісікті, ыңғайсыздықты және басқа белгілерді сезбейді, – дейді қалалық онкологиялық орталықтың директоры Жақсылық Мәуленов. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: 248 азамат тексеруден өтті