Пашимов Елбасының Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін Түркістан қаласында «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын талқылауға арналған жиын өтті.  Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция мәжілісінде Жол картасын орындаудың жай-жапсары баяндалып, алдағы уақытта атқарылатын негізгі міндеттер айқындалды. 

image.png

Партияның Түркістан облысына арналған 5 жылдық жол картасында елдің ұсыныс-тілектері ескерілгенін атап өту қажет. «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасына сәйкес, облыста ауыл шаруашылығы, туризм, инвестиция тарту, аймақтарды өркендету, денсаулық сақтау, білім, инфрақұрылым, құрылыс салаларын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу бағыттарына басымдық берілген.

 Жол картасын жүзеге асыру барысында 5 жылда облыста 40 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.  «152 жаңа кәсіпорын ашу және кеңейту арқылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 350 мыңға жақындайды. Ауыл шаруашылығына қолдау күшейеді. 53 ферма, 900 мал бордақылау алаңы құрылады. Бес жылда 21 мыңнан астам пәтер ел игілігіне беріледі», деп мәлімдеді облыс әкімі Ө.Шөкеев.  

Жиын соңында бірқатар азаматқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаттары тапсырылды. Марапат иелерінің бірі -  іскерлігімен көзге түсіп жүрген облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов.  Пандемия тұсындағы негізгі ауыртпалықтың медицина қызметкерлеріне түскені белгілі. Коронавирус індетін жұқтырғандарды емдеп, өз өмірін қатерге тіккен  ақ халатты абзал жандардың еңбегі ерен.  Осынау сын  сағатта халқы тығыз қоныстанған Түркістан өңіріндегі медицина саласының жұмысын ұйымдастырып, жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ете білген Марат Орынбасарұлыны марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!