Шаш неден «қорқады?»

Күніне адамның басынан 100 тал шаш түседі екен. Сонымен қатар шаштың белсенді өсу кезеңдері екі жылдан алты жылға дейін созылуы мүмкін. Шаш түсуінің маңызды себептерінің бірі маусымдық кезеңдерден де болады. Нақтырақ көктем және күз мезгілдерінде шаш көбірек төгіледі. 

image.png

Шаш түсуінің  қарапайым себептерінің бірі – дұрыс тамақтанбау, ағзаның әлсіздігі, бірқатар дәрумендердің жетіспеушілігі және нашар экология. 

Сондай-ақ мамандардың зерттеуінше  күйзеліс, ұйқысыздық, зиянды әрекеттер де шашымыздан «айырылуға» себеп  болуда. Көп жағдайда басы жиі ауыратын адамдарда, анемия, инфекциялық аурулар, пневмония және де жүкітілік кезеңдерде шаштың түсуі жиілеуі мүмкін. Шашты күнделікті құрылғымен кептіру, үтіктеу, бұйралау, тіпті ыстық сумен жуып-шаю да шашымызды зақымдайды. 

Халық емінде шашты байырғы қалпына келтірудің бірнеше жолдары көрсетілген. Мәселен пияз,сарымсақ,жұмыртқаның сарысы,кейбір деректерде ағарғанның да көмегі мол екені жазылған. Аталған бұл емнің түрлері шашты емдеп қана қоймай шаштың белсенді өсуін де тездетеді.

Сурет ашық дереккөзден алынды

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Шаш неден «қорқады?»