Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 14 адам көз жұмды

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 26 наурыздағы ақпаратты жариялады.

image.png

26 наурыздағы мәлімет бойынша, 22 131 адам коронавирус инфекциясынан (19 623 КВИ+ және 2 508 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 981 пациент стационарда, 15 150 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 321 адамның жағдайы ауыр;

• 75 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.