Шымкент «қызыл», ШҚО «сары» аймаққа өтті

Шымкент «қызыл», ШҚО «сары» аймаққа өтті. Бұл туралы COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Шмке.jpg

Қазақстан өңірлерінде 15 сәуірдегі эпидахуалды бағалау матрицасындағы деректерге сүйенсек, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, БҚО және Қарағанды облыстары тұр.

Сонымен қатар «сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, СҚО, Маңғыстау облысы бар.

Ал «жасыл» аймақта: Қостанай және Түркістан облыстары қалды.

image.png