Елімізде коронавируспен ауырған 181 пациенттің жағдайы өте ауыр - ДСМ

Елімізде коронавируспен ауырған 181 пациенттің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

науқас.jpg

- 22 сәуірдегі мәлімет бойынша, 39 859 адам коронавирус инфекциясынан (39 385 КВИ+ және 474 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 034 пациент стационарда, 25 825 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жүр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 679 адамның жағдайы ауыр; 

• 181 пациенттің жағдайы өте ауыр; 

• 100 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр - делінген хабарламада.