Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал туралы соңғы мәліметтермен бөлісті
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы соңғы мәліметтермен бөлісті.
Оның айтуынша, эпидермиялық қауіпті аймақта тоғыз өңір бар - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, қалалары және Ақмола, БҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары. Олардың арасында Павлодар мен Жамбыл облыстары өткен аптаға ғана "қызыл" аймаққа енді.
Ал орташа қауіпті аймақта 5 өңір бар - Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Алматы, Маңғыстау облыстары.
"Жасыл" аймақта Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр.
- Соңғы үш аптада аурушаңдық динамикасы іс жүзінде сол деңгейде қалды. Соңғы аптада сырқаттанушылықтың 2% төмендеуі байқалды, өлім деңгейі өткен аптаның деңгейіндегідей, - деді Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында.
Республикамызда жұқпалы ауруға шалдыққан науқастарға арналған төсек-орынның қамтылу көлемі - 42%, жан сақтау бөліміндегі төсек-орындардың қамтылу деңгейі - 28%.
Бөлісу тақырыбы: Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал туралы соңғы мәліметтермен бөлісті