Орман өрті: Полиция күдіктінің табылғанын хабарлады
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Риддер қаласында өрттің шығуына қатысы бар күдіктіні анықтап, тапқанын айтты.
- Қазіргі уақытта Риддер қаласында өрттің пайда болу фактісі бойынша күдікті ұсталды, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабының 2 тармағына (отты абайсызда қолдану) сәйкес іс-әрекет жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.
Істің анық-қанығы мен күдіктінің жеке басы айтылмады.
Қылмыстық кодекске сәйкес, қылмыс жасаған адам 2 мың АЕК (5,5 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Кейінгі: Түйіткілді мәселе шешімін тапты