Үздік медбикелер марапатталды

Түркістан облысында «Халықаралық мейіргерлер күніне орай» іс-шара болып өтті. Қоғамдық денсаулық басқармасының ұйымдастыруымен облыстың үздік медбикелері марапатталды. Жеңімпаздар осы саладағы еңбек өтілі мен қызметіне сәйкес бағаланды. 

image.png

Жиында Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Алтын Досанова медбикелерді төл мерекесімен құттықтап, аймақтың денсаулық сақтау саласының өркендеуіне медбикелердің қосқан үлесін айтты. Үздіктер қатарында 6 мейірбике көрінде. Олар 43 жыл еңбек өтілі бар Бибірабиға Бипанова «Еңбек ардагері» медалі, №3 Облыстық перинаталдық орталықтың мейірбикесі Нара Алимбетова  «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалі болса,  36 жыл осы салада еңбек еткен  Данира Тулбаева  «Алғыс хат»- пен марапатталды. Сондай-ақ, 39 жыл оташы бөлімінде қызмет еткен Нурфиза Салимбекова, Жақсыгүл Қырғызбаевна, Балкерим Бозоваға арнайы грамота берілді. 

image.png

— Соңғы жылдары облыста туберкулез секілді қауіпті аурулардың көрсеткіші азайды. Бұндай жетістікке жетуге дәрігерлер мен бірге орта буын медицина қызметкерлерінің қосқан үлесі көп. Қазіргі таңда емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайы нығайып, жаңа заманға лайықты құрал-жабдықтармен жарақталып жатыр. Науқастарды емдеудің озық тәсілі қолданылуда. Осы әдістерді игеруде медбикелердің үлесі зор — деді Алтын Досанова. Қазіргі таңда облыс бойынша 18 мыңнан астамы орта буын медициналық қызметкер жұмыс жасайды. Статистикаға жүгінсек науқастарды күту ісінің сексен пайызы медбикелердің мойнына жүктелген екен.

Бүгінгі таңда өңіріміздегі 42 медициналық ұйымда медбикелермен қамтамасыз ету жағы 100% пайызды құрайды.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Үздік медбикелер марапатталды