Қасым-Жомарт Кемелұлымен Қазақстанның жолы болды - Роза Отунбаева

Қырғызстанның өтпелі кезеңдегі Президенті Роза Отунбаева Қасым-Жомарт Тоқаевты жоғары деңгейдегі дипломат және саясаткер ретінде сипаттайды. Бұл туралы ол «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Screenshot_4.jpg

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Кемелұлы білікті маман, классикалық білім алған нағыз дипломат.

Ол жоғары дипломатияның негіздерін жақсы білетін адам. Оның үстіне әлемдегі ең мықты дипломатиялық мектептің бірімен жұмыс істеді. Сондай-ақ ол Совет тұсындағы және қазіргі Сыртқы істер кеңсесінің жұмысын жақсы біледі. Бұл саладағы ресейлік әріптестерімен де бұрыннан таныс. Мұның барлығы оның артықшылығы, - дейді Отунбаева.

Сонымен қатар ол Қазақстан тәуелсіздік алып, жас мемлекетті құру кезінде білікті дипломат алғы шепте тиімді жұмыс істегенін атап өтті.

Ол жас мемлекеттің құрылу кезеңінен бері жұмыс істеп келеді. Менің ойымша, бұл жағынан Қазақстанның жолы болды. Сыртқы саясатпен байланыс орнатуда Қазақстанның дипломатиялық өкілдерінің алғы шебінде Қасым-Жомарт Кемелұлы сияқты біліктілігі жоғары мықты маман тұрды. Ол Елбасының сенімді арқасүйері болды. Қазақстан өз бетінше ел болып құрылған кездегі дипломатиялық жасақтың маңызы өте жоғары еді. Бұл тұста жарты әлемді жақсы білетін әрі бұл салада тәжірибесі мол мамандардың басшылыққа келуі үлкен жетістік болды, - дейді Роза Отунбаева.

Айта кетсек, 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасы президентінің сайлауы өткен болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңіске жетіп, 12 маусым күні ресми түрде жұмысқа кіріскен еді.

BAQ.KZ