«Асхат Аймағамбетов отсавкаға кетуі керек» - белгілі ұстаз
«Асхат Аймағамбетов отсавкаға кетуі керек». Бұл пікір иесі Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ұстаз Өмір Шыныбекұлы.
Өмір Шыныбекұлы өз парақшасында білім саласындағы былықтарға білім министрінің араласпай отырғанын баса айтты. Оған қоса, егер Аймағамбетов орнынан түспесе министрліктен алған барлық марапатынан бас тартатыны туралы мәлімдеді.
- Түркістан облысы білім саласындағы осынша былықты естіп, көріп біліп отырып саусағын қыбырлатуға мұршасы келмей отырған БжҒМ министрі Аймағамбетов отставкаға кетуі керек. Министр отставкаға кетпесе БжҒМ берген "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері", "Ы.Алтынсарин" төсбелгілерінен бас тартатынымды мәлімдеймін... Мұндай шарасыз министрліктен алған марапаттардың құны мен үшін көк тиын.. Ал соттасаң соттап жібер... Педагог-әріптестерім демалыс кезінде шөп шауып жылап жүргенде мен мынау сылдырмақтарды тағып отырғаным иттік болар еді..», - деді Өмір Шыныбекұлы өз жазбасында.