Еліміздің 12 өңірі «қызыл» аймақта
2021 жылғы 13 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары.
«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.