Коронавируспен ауырған адам неліктен үш айдан кейін вакцина алуы керек

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева КВИ-мен ауырған адам емделгеннен кейін үш айдан соң вакцина алуы туралы шешім қалай қабылданғанын түсіндірді. 

image.png

- «Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ауырып жазылған адамды үш айдан кейін вакцинациялау ұсынылып отыр. Мұндай шешім инфекциядан кейін 3-6 ай аралығында қайта жұқтыру жағдайларының жиі тіркелуіне байланысты туындады», – деді Айнагүл Қуатбаева. 

Оның айтуынша, коронавируспен ауырған азаматтарды вакцинациялау онсыз да әлсіреген ағзаның қайта жұқтырмауы үшін маңызды. Инфекцияны қайта жұқтыру әдетте үлкен қиындықтарға әкеледі.