Түркістан: Мақтаарал, Жетісай аудандарында ағын су мәселесі шешімін табуда

Screenshot_8.jpg

Ағымдағы жылы Мақтарал, Жетісай аудандарында 135,2 мың га суармалы жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның 77,5 гектарына мақта дақылы егіліп ағын су берілуде. Бір күнде 2 мың га жуық мақта дақылы 

суарылса, барлығы 17 мың га жер суарылды. Бүгінгі таңда Мақтаарал ауданының шаруалары 30 пайыз, ал Жетісай ауданының шаруалары 10 пайыз суармалы жерлерін суғарған. Алайда, ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап Өзбекістан Республикасынан мемлекетаралық Достық магистралды каналынан келетін ағын су көлемі азайатындығы күтілуде. 

Осыған орай, Жетісай, Мақтарал аудандарының шаруалары келіп жатқан ағын суды тиімді пайдаланып, суғару жұмыстарын қарқынды жүргізуі қажет. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал, Жетісай аудандарына жасаған жұмыс сапарында шаруалармен кездесуінде айтты. 

"Ең бастысы - ауызбіршілігіміз. Ауданда ауызбіршілік болса, бір-бірімізді қолдасақ, ақсақалдар бар, белсенділер бар, депутаттар бар, әкімдер бар. Жұмылып, еңбек етпесе,  ешқандай тірлік бітпейді. Біріксе, су да болады,  мақта да болады, күріште де болады,  бәрі де болады",-деді облыс әкімі кездесу кезінде. 

Трансшекаралық Достық магистралды каналымен Мақтаарал, Жетісай аудандарындағы 136 мың гектар суармалы жерлер ағын сумен қамтамасыз етіледі. Шілде айында Ташкент қаласында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Ш. Хамраевпен кездесу өткізген болатын. Кездесу қорытындысымен мемлекетаралық  Достық магистралды каналымен Түркістан облысы Мақтаарал, Жетісай аудандарының шаруаларын ағын сумен қамтамасыз ету үшін су жіберу көлемін 80 м3/с-тан 90 м3/с дейін ұлғайтылды.

Қазіргі таңда, Достық магистралды каналымен 92 м3/сек ағын су берілуде. Сонымен қатар, шаруаларды толығымен ағын сумен қамтамасыз ету үшін Шардара су қоймасынан машиналық әдіспен су көтеру каналы іске қосылып, қосымша 10 м3/сек ағын су берілуде. 

Сапар барысында өңір басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты. Облыс әкімі Мақтаарал ауылдық округіндегі жүзім шаруашылығында болды. 60 гектар жерге жайғасқан бақта жүзімнің бірнеше сұрыптары өсіріледі. Облыс әкімі Өркениет елдімекенінде орналасқан "Алмат" шаруа қожалығының мақта және жоңышқа алқабымен танысты. Қожалыққа тиесілі 45 гектар жерге мақта

дақылының әр алуан сорттары мен жоңышқа егілген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі