Қазақстандық тағы бір палуан жеңіліске ұшырады
Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.
Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Тұрсынов 1/8 финалда германиялық Денис Кудламен кездесіп, қарсыласына 4:1 есебімен жол берді.
Осылайша, Токио Олимпиадасына барған төртінші балуанымыз да алғашқы қарсыласынан жеңіліп отыр. Бұған дейін Мейрамбек Айнағұлов, Эльмира Сыздықова мен Демеу Жадыраев бірінші айналымнан аса алмаған еді.