«Олигархтар Олимпиадаға барып қыдырып қайтады» - қоғам қайраткері
19 млн ел болдық, ал жақсы. Енді сол не бары 19-ақ млн халықты 30 жыл бойы бай қыла алмай жүргеніміз несі. Бұл туралы қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан facebook парақшасында жазды.
Былай қарасаңыздар, бір үлкен қаланың саны ғой 19 млн деген – Пекин, Каир, Мехико секілді. Ал байлығымыз қанша? Уран, мұнай, газ, жайылымдар қайда кетті? Санаулы адамның қолында ғой!
- 30 жылда Біріккен Араб Эмираттар, Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея т.б. адам болды, байып кетті. Олар кезінде әлемнің ең кедей елдері болған ғой! Ал біз ше? Қаншама өндірісті жоғалтып алдық? Қашан адам боламыз осы? Әлде біздің де буынымыз коммунизмді күту керек пе? Бізде тек олигархтар ғана жақсы өмір сүреді, анда-санда Олимпиадаға барып қыдырып қайтады... Ал негізі сол 19 млн адам өте нашар өмір сүреді. Кедейшілік басым! Соны өзгертуіміз қажет, - дейді Мұхтар Тайжан.